Доллар бір күнде 2 теңгеге арзандады: 8 қыркүйекке арналған валюта бағамы
Жарияланды
(жаңартылды )

7 қыркүйек күні биржадағы сауда-саттықта АҚШ доллары бірден 2 теңгеге арзандап, 454,31 теңгені құрады. Ұлттық банк 8 қыркүйектегі валюта бағамын бекіткенде осы көрсеткішке сүйенеді.
KASE-дегі саудада көкқағаз 452,59 бен 455,50 теңге аралығында саудалаған. Жалпы 387 млн долллардан аса валюта сатылған.
Ал ақша айырбастау пункттері долларды 454 теңгеден сатып алып, 456 теңгеден сатып жатыр.
Доллар тап осылай 2024 жылғы 17 маусымда арзандаған. Сол күні KASE-дегі орташа сараланған бағам 453,06 теңгені құрады. Ал 18 маусымда доллар бірден 458,15 теңгеге дейін қымбаттаған.