Назарбаевтың канцеляриясын басқарған шенеунік жаңа компанияны тіркеді

Жарияланды
Business News бөлімінің аға журналисі
Business news бөлімінің редакторы
Махмұд Қасымбек тағы бір компанияны тіркеді / Фото: ortcom.kz

Назарбаевтың кезінде канцеляриясын басқарған Махмуд Қасымбеков тағы бір жаңа компанияны тіркеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Көп жыл бойы мемлекеттік аппаратта жауапты қызмет атқарған шенеуніктің бұл бизнес құрылымы да, оның өзге активтері сияқты, тау-кен өндірісі саласында жұмыс істейді.

Қасымбеков Астана халықаралық қаржы орталығының алаңында «New Mining Ltd» фирмасы ресми түрде тіркелді. Жаңа ұйым холдингтік қызметпен қатар, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру бағытын ұстанады.

Махмуд Қасымбеков кәсіпорынның басшысы әрі президенті болып бекітілген.

Бұдан бөлек, Қасымбеков «Shygys-Zhetisu Minerals» ұйымына иелік еткен еді. Бұл фирма ұлы Ардақпен қатар, «Шор» мыс-молибден кен орнын игеруге басым құқық алған «Шығыс Молибден» серіктестігінің құрылтайшысы саналады.

Аталған нысан бұрынғы ядролық сынақтардан зардап шеккен Семей ядролық қауіпсіздік аймағында орналасқан.

Қасымбековтің иелігінде «Жетісу Минерал Ресорс» және «Ұлытау Алтындары» сияқты басқа да ірі активтер бар.

Сондай-ақ оқыңыз