Қарағандыда саяжай қауымдастығының төрағасы мен белсенді әйелді атып кеткен

Қарағандыдағы Әлихан Бөкейхан ауданына қарасты «Оптимист» саяжай қоғамында ауыр қылмыс болды. Жергілікті үйлердің бірінен оқ тиіп қаза болған 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қаза тапқан азамат саяжай қоғамының төрағасы әрі заңгер болса, марқұм әйел жергілікті белсенді. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 56 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ол өз айыбын толық мойындады.
«Аталған факті бойынша «Адам өлімі» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыз: ШҚО-да ер адам азаматтық некедегі әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған