
Минскіде өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында қазақстандық баспалардың кітаптары тоғыз жүлделі орын алды.
Жалпы Қазақстан баспалары байқаудың негізгі номинацияларына – 10, ал арнайы дипломдарға 3 басылым ұсынған. Қазылар алқасының шешімімен отандық авторлардың еңбектері екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
I орын:
- Қымбат Қараева, «Көшпенділер ойындары»
- Кенжехан Матыжанов, «Абай» үш томдығы
II орын:
- Ерлан Қожабаев, «Қазақ оюлары»
- Нелли Бубэ, «Амандос Ақанаевтың ғаламы. Суретшілер әулеті»
- Кәдірбек Сегізбайұлы, «Қазақы дастархан»
- Айдархан Жадыков, «Герои-Казахстанцы. Краткий библиографический справочник»
III орын:
- Марат Әзілханов, «Ветераны Ассамблеи народа Казахстана»
- Сейіт Кенжеахметұлы, «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары»
- Баянғали Әлімжанов, «Абылай хан мен батырлар».
Бұдан бөлек, Гүлмира Амандықованың «Абай Құнанбайұлының қара сөздері. Ұрпаққа ұлағат» кітабы номинант дипломын алды.
Бұған дейін Мексикаға әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған 60 кітап жеткізілгені хабарланған.