Қызылорда облысында 7,6 млрд теңгеге сүт ферма салынып жатыр
Жарияланды

Қызылорда облысы Абай ауылында 800 басқа арналған сүт фермасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаға салынған инвестиция көлемі 7,6 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Құрылыс жұмыстарының 80%-ы орындалды, негізгі жабдықтардың 99%-ы жеткізілген. Кәсіпорынды 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.
Жоба аясында голштин тұқымының 800 қашарын сатып алу көзделген. Фермада автоматтандырылған сауу жүйелері, малды ұстаудың заманауи технологиялары және өндірістік процестерді басқаруға арналған цифрлық шешімдер қолданылады.
Бұған дейін қытай инвесторы Абай облысында кірпіш зауытын салатыны белгілі болған.