Тоқаев көшпенділер ойындарында өнер көрсеткен ұлттық құраманы құттықтады

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды Kursiv.Media Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент спортшылардың жоғары нәтижеге тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретінде халықаралық беделін одан әрі асқақтата түседі.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың алдағы ең беделді сайыстарда да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, жалпы есепте жеңіске кім жеткені әлі де белгісіз. Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрама 32 алтынмен бірінші орынды алды. Ал Көшпенділер ойындарының ресми парақшалары Қазақстан 29 алтынмен екінші орынға жайғасқан деп ақпарат таратып, артынша өшіріп тастаған.

Сондай-ақ оқыңыз