Алматының кей аудандарында 12 қыркүйекке дейін электр жарығы өшіріледі

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
долги за свет
фото: shutterstock

Алматыда электр желілерін күрделі жөндеуден өткізуге байланысты қаланың бірқатар аудандарында электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады. Жарықты өшіру кестесі 12 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ хабарлауынша, жөндеу жұмыстары күн сайын таңғы сағат 08:00–09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жүргізіледі.

Шектеу болатын аумақтар

Жарықтан ажырату жұмыстары қаланың орталық көшелері мен бірқатар ықшамаудандарын қамтиды.

Атап айтқанда, орталық көшелер, Абай, Төле би, Достық, Сейфуллин және т.б.

Сондай-ақ Шаңырақ, Айгерім, Ақжар, Қалқаман, Горный Гигант, Самал және т.б. ықшамаудандарда жарық сөнеді.

Өшіру жұмыстарының нақты мекенжайлары мен уақытша кестесімен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ресми сайтында танысуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз