
Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты.
1/8 финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы жапон теннисшісі Наоми Осакамен кездесті. Ол WTA рейтингінде 13-орында тұр. Рыбакина қарсыласын екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, Рыбакина «Үлкен дулыға» сериясындағы төрт турнирдің – Australian Open, «Ролан Гаррос», Уимблдон және US Open-нің бәрінде кем дегенде ширек финалға дейін жеткен спортшылардың бірі болды.
US Open турнирінің ширек финалында Рыбакина Қытайдың Олимпиада чемпионы Циньвэнь Чжэнмен кездеседі. Матч 9 қыркүйекте өтеді. Рыбакина қытай теннисшісін жеңсе, US Open-2026 турниріндегі басқа теннисшілердің нәтижесіне қарамастан, WTA әлемдік рейтингінде тарихта алғаш рет көш бастайды.
АҚШ ашық чемпионаты – жыл сайын өтетін «Үлкен дулыға» турнирі. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 108 млн доллар.
Айта кетейік, US Open-2026 турнирі басталар алдында Арина Соболенко 8 575 ұпаймен әлемдік рейтингте бірінші орында тұрды. Ал екінші орында тұрған Рыбакинада 8 141 ұпай болды.