Halyk Bank AIX биржасына 500 млн долларлық облигация шығарды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Банк облигация шығарды / Фото: kursiv.media архиві

Halyk Bank 7 қыркүйекте AIX биржасына 500 млн доллар көлеміндегі екі жылдық облигацияларын шығарды. Пайыздық мөлшерлемесі – жылына 3,5%. Банк бұл қарызды 2028 жылдың қыркүйегінде қайтаруға тиіс. Облигацияның біреуінің номиналды құны 100 мың доллар. Жалпы 5 мың дана қағаз шығарылды. Купондық төлемдер жарты жылда бір рет төленіп тұрады.

Бұл – банктің бұрын бекітілген 2 млрд долларлық бағдарлама аясындағы үшінші шығарылым. Осыған дейін мамырда 500 млн және маусымда 200 млн долларлық облигациялары орналастырылған еді.

Осылайша, үш шығарылым көлемі 1,2 млрд долларға жетті. Қағаздар 8 қыркүйектен бастап AIX биржасында саудалана бастайды. Тікелей ұйымдастырушы әрі букраннер ретінде Halyk Finance таңдалған.

Бағалы қағаздар тек кәсіби инвесторларға арналған. Жоғары номинал мен шарттарға қарап, бұл қадамды банктің ірі клиенттеріне валюталық депозиттің баламасы ретінде ұсынылған тиімді өнім деп ұғынуға болады.

Halyk Bank – елдегі жүйе құраушы банктердің бірі. Halyk Bank-тің басты акционері – «АЛМЭКС» холдингі. Банктің түпкі иесі Тимур мен Динара Құлыбаевтар Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлер рейтингінің үшінші сатысында тұр. 

Сондай-ақ оқыңыз