Оқушыларға хиджаб киюге рұқсат берген мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Оқушыларға діни киім киюге рұқсат беретін мектептер лицензиясынан айырылады
Оқушыларға діни киім киюге рұқсат беретін мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін / фото: ЖИ көмегімен жасалды

Оқушыларға діни киім киюге рұқсат беретін жекеменшік мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп жазады Kursiv.Media.

Министрдің айтуынша, елде бірыңғай мектеп формасының стандарттары бар. Сонымен қатар білім берудің зайырлы сипатын қатаң сақтау қажет.

Ведомство басшысы өткен жылы жеке мектептерде мұндай жағдайлар кездескенімен, биылғы оқу жылында ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін, бірде-бір мектеп хиджаб киюге жол бермей отырғанын атап өтті.

«Біз бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз, бізбен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті де бар. Сонымен бірге әкімдіктермен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп отыратын үлкен комиссия бар», – деп жауап берді министр.

Сонымен қатар Сүлейменова егер жекеменшік мектеп хиджаб киюге рұқсат беретін болса, лицензиясынан айырылатынын ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз