Қайсысы дұрыс: «қырКүйек» пе, «қырГүйек» пе

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қайсысы дұрыс: "қырКүйек" пе, "қырГүйек" пе
Қайсысы дұрыс: «қырКүйек» пе, «қырГүйек» пе / фото: ЖИ арқылы жасалды

Оқу жылының басталуымен әлеуметтік желіде «қыркүйек» айының жазылуы қызу талқыға түсті. Желі пайдаланушыларының бір қарасы «қырКүйек» дұрыс десе, кейбірі «қырГүйек» деп дауласып отыр. Туындаған дауға қатысты Kursiv.Media Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтына жүгінді.

Әлеуметтік желідегі дау

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде қыркүйек айының аталуына қатысты ондаған пост пайда болды. Бұған әдеттегі нұсқаны «қыргүйек» деп ауыстырған мектеп дәптерлері мен оқулықтары себеп болды.

«Не болып жатыр? Бұл «қыркүйек» қашан «қыргүйек» болып кетті?» – деп жазды қолданушылардың бірі.

Білім институтының түсіндірмесі

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білім институтының түсіндірмесіне қарағанда, соңғы 2013 жылы шыққан орфографиялық сөздік бойынша «г» әрпі жазылады.

«Норманы бекіткен кезде апробация түрінде, яғни халыққа сіңіп кеткенше тәжірибе жүзінде енгізеді. Сонда негізі бекітілген сөз «қыргүйек» болып тұр. Бірақ халық толық қабылдай алмай жатқандықтан «қырКүйек те, қырГүйекте қате емес», – деп түсіндірді білім институтынан.

Министр қай нұсқаны қолданады?

Үкіметте өткен брифингте оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да үнемі «қыркүйек» деп жазып жүргенін мойындады.

Айтуынша, 80-жылдардың соңында және 2000-жылдары жүргізілген зерттеулер де осы нұсқаның дұрыстығын көрсеткен.

Сондай-ақ оқыңыз