Балаларды профилактикалық тексеру тәртібі жаңарды

Жарияланды
Фото: shutterstock

Қазақстанда балалар мен студенттерге жүргізілетін профилактикалық медициналық тексерулердің ережесі мен мерзімі жаңарды. Өзгерістер денсаулық сақтау министрінің  тамыздағы бұйрығымен бекітілді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Жаңа өзгерістер мектепке дейінгі ұйымдар мен оқушыларға, студенттерге жүргізілетін профилактикалық медициналық тексерулерге қатысты.

Құжатта аталған азаматтардың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізудің тәртібі, оның көлемі мен кезеңділігі қайта бекітілді.

Бұған дейін талаптар Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы бұйрығымен реттелген. Енді оның ережелері жаңа редакцияда қолданылады.

Министрліктің жаңа бұйрығына сәйкес, құжат Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Бұл өзгерістер балалар мен жастардың денсаулығын профилактикалық бақылау жүйесін жаңартуға бағытталып отыр. 

Тағы да оқыңыз: Қандай диагнозы бар оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылады

Сондай-ақ оқыңыз