Қыркүйекте Ақ үйде Трамп пен Зеленский кездесуі мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Трамп пен Зеленский Вашингтонда кездесуді жоспарлап отыр / Фото: Shutterstock

Қыркүйекте Ақ үйде Трамп пен Зеленский кездесіп, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін Киевке жеткізу туралы мәселені талқыламақшы. Бұл туралы Украина президенті журналистермен кездесуінде айтты деп хабарлайды Kursiv Media.

«Шамамен жиырмасына қарай Трамппен кездесеміз деген үміт бар. Осы тақырыпты да көтергім келеді және нәтиже де болады деп сенемін», – дейді Украина президенті.

Зеленскийдің сөзінше, Украина, АҚШ және Ресей арасындағы келесі үшжақты кездесу БАӘ-де, Түркияда немесе Швейцарияда өтуі мүмкін.

Сондай-ақ Зеленский Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен кездесуге тоқтала кетіп, Украинаға жеткізген ұсыныстардың ішінде «өте орынды бірнеше идея» болғанын айтты.

«Оның нәтижесі бола ма, әзірге білмеймін. Қазір бұл идеяларды атай алмаймын», – деп атап өтті ол.

Еске салайық, өткен аптада Украина мен АҚШ өкілдері Киевте кездесіп, соғысты тоқтатуға қатысты ұсыныстарды талқылаған.

Сондай-ақ оқыңыз