Лондонға ұшқан Air Astana рейсі Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Air Astana-ның Алматыдан Лондонға ұшып шыққан KC663 рейсі 138 жолаушымен Франкфуртқа қонды. Бұған Лондондағы Хитроу әуежайының жабылуы себеп болған деп хабарлайды Kursiv Media әуе компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе компаниясының мәліметінше, Хитроу әуежайы 10 қыркүйек түнге дейін жабық болады. Осыған байланысты KC663 рейсі Лондонға келесі күні таңғы сағат 09:25-те (UTC) ұшады.

«Бортта 138 жолаушы болды. Өкінішке қарай, Лондон Хитроу әуежайы ағымдағы түннің соңына дейін жабық болады. Осыған байланысты Air Astana рейстің әрі қарай ұшуын тоқтатуға мәжбүр болды», – деп хабарлады компания.

Жолаушылардың 67-сінде қолданыстағы Шенген визасы жоқ. Сондықтан олар Франкфурт әуежайының транзиттік аймағында қалуға мәжбүр. Күту кезінде жолаушыларды тамақ және салқын сусындармен қамтамасыз ету үшін барлығына тамақтануға арналған ваучерлер берілген. Қалаға шығуға құқығы бар жолаушыларды қонақүйге орналастыру мәселесі қарастырылады.

Оқи отырыңыз:  Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей рейс ашылмақ

Сондай-ақ оқыңыз