Дастан Сәтбаев «Челсиге» оралды

«Бёрнли» сапында өнер көрсетіп жүрген 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты лондондық «Челсидің» жаттығу базасына қайта оралды. Бұл туралы Mirror Sport және football.london шолушысы Бобби Винсент хабарлады.
Қазақстандық жас талант Чемпионшиптің өткен турындағы «Мидлсброға» қарсы ойында санның артқы бұлшықетін зақымдап алып, алаңнан мерзімінен бұрын кетуге мәжбүр болған еді.
«Бёрнли» бапкері мен инсайдердің мәлімдемесі
«Бёрнлидің» бас бапкері Ники Хайен шабуылшының «бірнеше аптаға қатардан шыққанын» растады, бірақ нақты қашан алаңға оралатынын нақтыламады.
Журналист Бобби Винсент өзінің Х парақшасында лондондық клубтың оны қалпына келтіру процесіне тікелей араласатынын жазды.
«Дастан Сәтбаев өткен аптада «Мидлсбромен» тең түскен матчта алған жарақатынан кейін реабилитациядан өту үшін Кобхэмдегі жаттығу орталығына оралады. «Челси» 18 жастағы шабуылшының тезірек бабына келуіне көмектесу үшін «Бёрнлимен» тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр», – деп жазды инсайдер.
Қазіргі таңда Дастан Сәтбаев өнер көрсететін «Бёрнли» клубы қиын кезеңді бастан кешіруде. Чемпионшиптің 6 турынан кейін команданың қоржынында небәрі 3 ұпай бар.
Ағымдағы маусымда әлі бірде-бір жеңіске жете алмаған ұжым турнирлік кестенің соңында, 23-орында келе жатыр.