«Екі есе ұлғайтылған»: Ұлдана Мырзуан сотында сарапшы апат себебін атады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Сот процесі жалғасып жатыр

Астана сотында қызмет барысында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның ісі қаралып жатыр. 2026 жылдың 9 қыркүйегінде сотқа құрылыс саласы бойынша сарапшы Вероника Лабаева қатысты.

Сарапшының айтуынша, Тәуелсіздік көшесіндегі тоғыз қабатты үй 5 қабатты етіп салынуы керек болған. 

«Мәселе ғимараттағы қабаттың талапқа сәйкес келмеуінде болып тұр. Иә, пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасыздығы, сынған кірпіштердің қолданылуы ғимараттың жағдайына әсер етті. Алайда басты себеп – жобадағы қателік. 

Егер ғимарат бес қабатты етіп салынғанда, динамикалық жүктемемен бетпе-бет келмес еді. Ал бұл жағдайда ғимарат биіктігі қажет есептеулерсіз екі есеге ұлғайтылған», – деді сарапшы.

Маманның айтуынша, ғимараттың биіктігі ұлғайған кезде оның конструкциясына түсетін жүктеме де айтарлықтай артқан.

Ұлдана Мырзуан қазасы

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін қозғалған іс бойынша сот 18 тамызда басталды. Сәуле Жұбаниязова қылмыстық кодекстің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша айыпталып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз