Электр энергиясының шекті тарифтері өзгереді: министр бұйрыққа қол қойды

Жарияланды
Фото: gov.kz

Қазақстанда электр энергиясын өндіретін компаниялар үшін шекті тарифтер қайта қаралады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов тиісті бұйрыққа қол қойды. Құжат 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.  

Жаңа өзгеріс 60 энергия өндіруші ұйымға қатысты. Яғни компаниялар электр энергиясын белгіленген шекті тарифтен жоғары бағамен сата алмайды.

Бұйрықта энергия өндіруші ұйымдар бірнеше топқа бөлініп, әрқайсысына жеке тариф белгіленген. Мысалы, кейбір топтар үшін тариф 10,92 теңге, ал кейбірі үшін 41,90 теңге/кВт·сағ деңгейінде көрсетілген.

Бұл тарифтер электр энергиясын өндіретін компанияларға қатысты екенін атап өткен жөн. Жаңа тарифтер 2026-2032 жылдарға арналған.

Бұйрық жобасы  «Ашық НҚА» порталында  6 қыркүйекке дейін талқыланды. Энергетика министрлігі 60 энергия өндіруші компания үшін шекті тарифтерді қайта қарауды ұсынған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз