Иран әскері Ормұз бұғазында АҚШ-тың суасты дронын қолға түсірді 

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: shutterstock

Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері Ормұз бұғазының кіреберісінде АҚШ Қарулы күштеріне тиесілі суасты дронын басып алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.  

IRIB News басылымы хабарлағандай, Anduril Industries компаниясы әзірлеген Dive-LD суасты аппараты АҚШ әскери-теңіз күштерінің қару-жарағына 2025 жылы қабылданған және су астында жұмыс істеуге арналған жаңа технологиялармен жабдықталған.

Иран әскері аппаратты басып алу үшін күрделі барлау және арнайы операция жүргізген.

Бұған дейін  олар АҚШ-тың тағы бір ұшқышсыз суүсті аппаратына шабуыл жасағанын хабарлаған. 

Тағы да оқыңыз: Ормұз бұғазында тағы екі танкер шабуылға ұшырады

Сондай-ақ оқыңыз