Найзағай, бұршақ, шаңды дауыл: 10 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Shutterstock

10 қыркүйекке Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Синоптиктер жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел, тұман және шаңды дауыл болатынын болжап отыр. Бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады.

Алматы облысында күндіз ауа температурасы +35 °С-қа дейін көтеріліп, ыстық болады. Өңірдің басым бөлігінде өрт қаупі өте жоғары, солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады. Қонаевта да өрт қаупі өте жоғары.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.Көкшетау мен Астанада да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде өрт қаупі өте жоғары. Қызылордада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің оңтүстік-шығысында өрт қаупі өте жоғары, қалған аумақта жоғары деңгейде сақталады. Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысында күндіз батысы, солтүстігі және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде өрт қаупі өте жоғары және жоғары деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде өрт қаупі өте жоғары. Ақтауда түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірдің солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Атырауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Өңірдің оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының батысы мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Шымкентте де өрт қаупі өте жоғары. Түркістанда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде және Таразда өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде және Жезқазғанда өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде өрт қаупі өте жоғары және жоғары деңгейде сақталады. Қостанайда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы мен Павлодарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Сондай-ақ оқыңыз