Пойызға 100 теңгеге билет алып үлгеріңіз

9 қыркүйектен бастап Freedom SuperApp қосымшасында бар болғаны 100 теңгеге пойыз билетін сатып алуға болады. Бұл туралы Kursiv Media хабарлайды.
Жеңілдіктер науқаны аясында 10 есе арзан бағада ішкі бағыттарға пойыз билетін сатып алуға болады. Мәселен, бағасы 9000 теңгеден аспайтын билетті 100 теңгеге, ал құны 9000₸-ден 20 000₸-ге дейін болса 5000 теңгеге сатып ала аласыз. Билет бағасы 20 мың теңге немесе одан жоғары болса Freedom 5000 теңгеге дейін жеңілдік береді.
Билеттер Алматы – Тараз, Астана – Қарағанды, Ақтөбе – Орал және басқа да бағыттарға арналған.
Акция аясында бір жолаушы тек бір билет қана ала алады. Басты шарт – 2025 жылдың 1 қаңтарынан кейін қосымша арқылы пойыз билетін сатып алмаған болуыңыз керек. Сондай-ақ промокодпен және жастар тарифіндегі жеңілдіктер бұл науқанға жарамайтынын ескерген жөн.
Науқан уақыты шектеулі. Жеңілдікпен билет алу үшін Freedom SuperApp – «Қызметтер» – «Саяхаттар» – «ТЖ билеттері» бөліміне өтуіңіз керек.
Оқи отырыңыз: 29%-ға дейін кэшбек: ең жоғары бонусты қай банктен алуға болады