«Қайрат» – «Жеңіс» тікелей трансляциясы: алматылықтар жеңіске жетсе, көш бастайды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
"Қайрат" футбол клубы
фото: «Қайрат» ФК

Бүгін, 9 қыркүйекте Премьер-лиганың кейінге шегерілген 21-тур матчы аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында астаналық «Жеңісті» қабылдайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ойын сағат 19:00-де басталады. Алматының Орталық стадионында өтетін кездесуді SPORT+ телеарнасынан, сондай-ақ KFF League Youtube арнасында тікелей эфирде көрсетеді.

Командалардың турнирлік кестедегі жағдайы

Алматылық клуб қазіргі уақытта турнирлік кестенің 2-орнында келе жатыр. Қоржынында 37 ұпай бар «Қайрат» көш басындағы Шымкенттің «Ордабасы» клубынан небәрі 1 ұпайға қалып келеді. Бұл матчта жеңіске жеткен жағдайда алматылықтар ұпай саны бойынша қарсыластарын басып озып, ҚПЛ кестесінде бірінші орынға шығады.

Ал елордалық команда 29 ұпаймен турнирлік кестенің 9-шы сатысына жайғасқан. Дегенмен астаналық ұжым соңғы турларда тұрақты ойын көрсетіп, грандтарға қарсы тартысты кездесулер өткізіп жүргенін атап өткен жөн.

Оқи отырыңыз: ҚПЛ клубтары қанша салық төледі

Сондай-ақ оқыңыз