«Қайрат» «Жеңісті» ірі есеппен жеңіп, турнир кестесінде көш бастады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Kursiv.Media

Қазақстан премьер-лигасының 21-туры аясында өткен кездесуде алматылық «Қайрат» өз алаңында елордалық «Жеңіс» командасын қабылдап, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Kursiv.Media

Ойынның алғашқы таймы тартысты өтті. Есепті 20-минутта Л. Кургин берген нәтижелі пастан кейін «Қайраттың» шабуылшысы Эдмилсон ашты. Бірінші тайм алматылықтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймда да алаң иелері белсенділікті төмендеткен жоқ. 63-минутта МаркГуаль есепті еселеп, 2:0-ге жеткізді. Ал матчтың соңына таман, 86-минутта Азамат Тұяқбаевтың пасын ұтымды пайдаланған Луиш Мата кездесудің нүктесін қойды – 3:0.

Осы жеңістің арқасында «Қайрат» 24 матчтан кейін 57 ұпай жинап, премьер-лиганың турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Ал екінші орында келе жатқан «Ордабасы» еншісінде 55 ұпай бар. Жеңіліске ұшыраған «Жеңіс» клубы 29 ұпаймен 9-шы сатыда қалды.

Сондай-ақ оқыңыз