Қашаған операторынан 2,3 трлн теңге айыппұл өндіру жалғасады – Әділет министрлігі

Қазақстан үкіметі Қашағанды игеріп отырған мұнай апауыттарынан 2,3 трлн теңге экологиялық айыппұлды өндіруін жалғастырады. Әділет министрлігінің түсіндіруінше, іс уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды Kursiv Media.
Қашаған операторы NCOC компаниясы мемлекеттік сот орындаушының әрекетіне шағымданған. Осыған байланысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты атқарушылық іс жүргізуге қатысты құжаттарды сұратқан.
Заң бойынша сот құжаттарды сұратқан кезде, іс бойынша өндіріп алу жұмысы уақытша тоқтатылады. Жұмыс сот материалдарды қайтарғаннан кейін қайта жалғасады.
Яғни, NCOC-тан мемлекет пайдасына қаражат өндіру тоқтатылған жоқ, тек сот материалдарды қарап жатқан кезеңде уақытша тоқтатылып отыр.
Әділет министрлігі сот құжаттарды қайтарғаннан кейін қаражатты өндіріп алу жұмыстары заңға сәйкес жалғасатынын хабарлады.
Экология министрлігі Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орнының операторына күкіртті рұқсат етілген көлемнен артық сақтағаны үшін айыппұл салған еді.
Үкімет концорциумға айыппұлды 2026 жылдың 20 шілдесіне дейін ерікті түрде төлеуге уақыт берген.