Қазақстанның басым бөлігінде 30 градусқа дейінгі аптап ыстық болады
Жарияланды

Бүгін, 9 қыркүйекте Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде ауа райы жылы әрі ыстық болады. Тек еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C аралығында жылы болады.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C дейін көтеріледі.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C құрайды. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Сонымен қатар күннің ысуына байланысты Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.