Қостанай облысында 600 гектар аумақты алған өрт сөндірілді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: ТЖМ

Бір тәулік ішінде Қостанай облысының Денисов ауданында бірнеше өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ТЖМ ақпараты бойынша, 8 қыркүйекте Гришенка және Қараоба ауылдарының маңында құрғақ шөп өртенген.

«Өртті сөндіруге 70-тен астам адам мен 15 бірлік техника, сондай-ақ ТЖМ-нің ұшқышсыз ұшу аппараты, жергілікті атқарушы органдардың, «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымдарының күштері және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

Антоновка ауылында құрғақ шөп өртеніп, өрт үш жеке тұрғын үй ауласындағы шаруашылық құрылыстарға және екі тұрғын үйдің шатыр астындағы үй-жайларына ішінара тарады. Өрт 200 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ Георгиевка ауылында өрт болып, оның салдарынан жалын тұрғын емес үй мен шаруашылық құрылыстарын шарпыды. Өрт шамамен 80 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Айта кететін жайт, Екібастұз қаласын бірнеше күннен бері қою түтін басып тұр. Қала тұрғындары ауада күйік пен бензин және күкіртсутекке ұқсас белгісіз химиялық заттардың иісі сезілетінін айтып, шағымдануда. 

Сондай-ақ оқыңыз