Рыбакина – Чжэн: әлемнің 1-ші ракеткасы атануға бір қадам (Тікелей эфир)

Бүгін, 9 қыркүйекте Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының (US Open-2026) ширек финалында қытайлық теннисші Чжэн Циньвэньмен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бұл кездесудің маңызы өте жоғары. Егер Рыбакина жеңіске жететін болса, белорусьтік Арина Соболенконың турнирдегі нәтижелеріне қарамастан, әлемнің 1-ші ракеткасы атанады.
Матчтың өтетін уақыты мен трансляциясы
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:30 басталады. Аталмыш ойынды Кинопоиск платформасы арқылы немесе VK әлеуметтік желідегі Теннис парақшасынан көруге болады.
Қос теннисшінің финалға дейінгі жолы
Елена Рыбакина турнир барысында сенімді ойын көрсетіп келеді. Ол алғашқы айналымдарда Тея Фродин (585-орын), Джессика Бусас Манейро (105-орын), Юлия Стародубцева (58-орын) және Наоми Осаканы (13-орын) ұтқан болатын.
Өз кезегінде қытайлық Чжэн Циньвэнь US Open турнирін іріктеу кезеңінен бастап, қатарынан 7 жеңіске жетті. Ол Ю Сяоди, Клара Бюрель, Елена Приданкина, Кристина Лютова, Юлия Путинцева және Мэдисон Кизді жеңіп, соңғы матчта сенсациялы түрде Ига Швентекті (8-орын) жарыс жолынан шығарды.