Трамп Ақ үйдегі жақын көмекшісіне сыйлық ретінде 45 мың доллар берген

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің редакторы
Фото: Mark Schiefelbein / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі жақын төрт көмекшісіне ақшалай сыйлық жасаған. Бұл туралы Kursiv.Media The Washington Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақ үйдегі әкімшілік қызметкерлерінің жыл сайынғы қаржылық есебіне сәйкес, Трамптың атқарушы көмекшісі Натали Харпқа 45 мың доллар сыйға берілген. Америкалық БАҚ мәліметінше, Харп президент сапары кезінде үнемі бірге жүреді. Тіпті Трампқа қажет болған жағдайда газеттердегі мақалалар мен әлеуметтік желідегі жазбаларды бірден басып шығарып бере алады.

Президенттің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Марго Мартин мен Доғал кеңсенің (Oval Office) жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары Чемберлен Харрис те 45 мың доллардан алған.

Ал Трамптың алғашқы президенттік мерзімінен бері жақын серіктерінің бірі саналатын Уолт Наутаға 20 мың доллар берілген. Қазір ол Доғал кеңсенің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі директор қызметін атқарады.

Натали Харп, Марго Мартин және Чемберлен Харристің жылдық жалақысы 150 мың доллар, ал Уолт Наутаның жалақысы 175 мың доллар.

Ақ үй әкімшілігі бұл ақпаратқа түсініктеме берді. Әкімдік өкілдері Трамптың өзіне жақын адамдарға, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі және бұрынғы бизнесіндегі қызметкерлері мен көмекшілеріне сыйлық жасау дәстүрі көп жылдан бері бар екенін айтты.

Олардың мәлімдеуінше, ақшалай сыйлықтардың бұл қызметкерлердің мемлекеттік міндеттеріне ешқандай қатысы жоқ. Ақ үй Трамп бұл сыйлықтарды жеке тұлға ретінде бергенін және сондықтан олардың мемлекеттік қызметтегі этикалық талаптарды бұзбайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Трамптың ұлы мен қазақстандық блогер Моңғолия тауларында адасып кетті

Сондай-ақ оқыңыз