Ұлдананың өліміне мен кінәлі емеспін – cотталушы
Жарияланды

Астанада Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша өтіп жатқан сотта айыпталушы – мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Сәуле Жұбаниязовадан жауап алынды. Оның сөзінше, өзінен бұрын осы қызметті атқарған Гүлжауһар Ахметова тұрғын үйдің жағдайы жақсы екенін, уайымдауға негіз жоғын айтқан.
«Мен мүлік иелері бірлестігінің төрағасы болдым, дәл осы қайғылы жағдайда менің кінәм жоқ. Тек балаларым мен анамның алдында ғана кінәлімін. Мен өз балаларыма қажетпін. Осы жағдайдың бәрін ескеріп үкім шығаруыңызды сұраймын», – деді Жұбаниязова.
Ұлдана Мырзуан қазасы
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін қозғалған іс бойынша сот 18 тамызда басталды. Сәуле Жұбаниязова қылмыстық кодекстің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша айыпталып отыр.