Ардақ Назаров кейсі: Құрылтайда енді ешбір депутат жақынын құттықтай алмайды

Құрылтай депутаттары отырыстарда жақындарын құттықтай алмайтын болды. Құрылтай депутаты Снежанна Имашева бұл мәселе де регламентте бар екенін айтты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Осыған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ардақ Назаров анасын туған күнімен құттықтаған еді. Депутатқа қатысты ол кезде ешбір шара қолданылмады. Мұндай жағдай Құрылтайда енді қайталанбайды.
«Құрылтай депутаттары оның, үйлестіру және жұмыс органдарының, сондай-ақ депутаттық бірлестіктердің қалыпты жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Регламентке сәйкес, депутаттар отырыстағы сөзін жеке өтініштерді айтуға немесе депутаттық өкілеттігіне қатысы жоқ мәселелерді көтеруге пайдаланбауы керек. Сондай-ақ сөз сөйлеп тұрған адамды бөлуге, оның сөзіне түсініктеме беруге жол берілмейді.», – деді Имашева.
Мамандандырылған мекемелерге қатысты да тек заңнамада белгіленген өкілеттіктер аясында әрекет етпек.