Рөлге мас болып отырып үш адамның өмірін қиған полицейге үкім шықты

Жарияланды (жаңартылды )
Business news бөлімінің журналисі
Рөлге мас күйінде отырып үш адамның өмірін қиған полицейге үкім шықты
фото: Gulzzane инстаграм парақшасынан

Алматы-Қорғас тас жолында үш адам қайтыс болған апатқа себепші болған бұрынғы полиция қызметкері 37 жастағы Абылай Жарылқасынұлы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Cот айыпталушыдан қаза тапқандардың отбасының пайдасына 29 млн теңге өндірді.

Оқиғаның мән-жайы

Қайғылы оқиға 23 маусымда Алматы – Қорғас тасжолының 132-ші шақырымында болған.

Полиция қызметкерлері Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Audi 100 көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Audi жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Одан бөлек көлікте 14 және 18 жастағы екі бала және 10 айлық сәби болған. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Қаза тапқандардың туысы Гүлзана әлеуметтік желіде Haval көлігін «мас күйде погон таққан адам» басқарғанын айтты. Кейін оның бұл айтқандары расталды.

Гүлзананың марқұм әпкесі 40 жаста, әпкесінің күйеуі 41 жаста, ал қыздары 19 жаста болған. Қаза тапқан 19 жастағы бойжеткеннің артында 10 айлық Дильнара есімді қызы қалды.

Қаза тапқандардың туыстары сот үкімін әділ деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыз