Ақтөбеде оқушы төбелес кезінде пышақ жарақатынан қаза тапты

Шалқар қаласында 17 жастағы оқушы жүрек тұсынан алған пышақ жарақатынан көз жұмды. Оның өліміне 18 жастағы студент айыпталып отыр.
Бұл туралы Kursiv.Мedia КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 19 наурыз айында болған. Айыптау нұсқасы бойынша, сол күні кешке жас жігіт анасының көлігін рұқсатсыз мініп, «Маяк» топтасқан тобының жолдастарымен бірге қаланың шеткі ауданына барған. Оның жүргізуші куәлігі болмаған. Ал өзімен бірге аңшы пышағын алып жүрген.
Жаппай төбелес кезінде оқушы жарақат алып, қайтыс болған. Тергеу айыпталушы қару қолдану мүмкіндігін жоққа шығармады деп есептейді.
Студенттің өзі кісі өлтіру дерегін мойындамай отыр. Ол пышақты өзін-өзі қорғау мақсатында алғанын және өзіне қарай бір топ жас жігіт жүгіріп келгенде, өмірі үшін қорқып, соққы жасағанын айтады.
Сотта айыпталушы қаза тапқан баланың отбасынан кешірім сұрап, оны өлтіргісі келмегенін мәлімдеді. Оқиғадан кейін ол бой тасалап, бір ғимаратқа тығылған.
Сот талқылауы жалғасуда. Марқұмның жақындары айыпталушыға қатаң жаза қолдануды талап етіп отыр.
Айта кететін жайт, Түркістан облысында күйеуі балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді.