Есіл өзенінде балық ауламақ болған ерлі-зайыпты қарша бораған оқтың астында қалды

Есіл өзенінде балық ауламақ болған ерлі-зайыпты қарша бораған оқтың астында қалып, әупірімдеп аман қалған.
Halyqstan ақпаратына қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әлеуметтік желіде «Абайлаңыздар, қауіптіатыс жүріп жатыр!» деп ескерту жасап, балық аулаудың арты қайғылы оқиғаға ұласа жаздағанын жазды.
Жұбайлардың оқиғасы
Әйелдің айтуынша, олар күйеуімен бірге Петропавл қаласының маңындағы Есіл өзеніне балық аулауға барған.
Кенеттен атыс басталды. Бастапқыда оқ дауыстары алыстан естілген. Бірақ көп өтпей, әйелдің айтуынша, оқтар бастарының үстінен ысқырып ұшып, бұталардың бұтақтарын кесіп түсіре бастаған.
Ол дереуге жерге жатып, күйеуіне айғайлап ескерту жасады. Қуанарлығы, ешкім зардап шеккен жоқ.
Әскерилер: «Бұл – полигон»
Бұл жағдайға СҚО ПД бастығы Руслан Назаров түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл аймақта жұмыс істеп тұрған әскери полигон орналасқан. Ал кіреберісте аумаққа кіруге қатаң тыйым салынатынын ескертетін арнайы белгілер қойылған.
Полигондағы атыстарды әскери қызметшілер, шекарашылар, Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары, кейде полиция қызметкерлері де өткізеді.
Тексеру жүргізіледі
Кейін әйелдің өзі күйеуімен бірге тыйым салынған белгілерді көргенін, бірақ «бұрыннан бері баратындықтан» және бұл жерді балық аулайтын сүйікті орын деп санағандықтан, оларға мән бермегенін мойындады.
Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр. Олар сол күні полигонда нақты қандай бөлімше атыс жүргізгенін анықтап, сондай-ақ бейбіт тұрғындардың полигонның қауіпті аймағына қалай тап болғанының барлық мән-жайын анықтауы тиіс.
Ал Алматы облысында екі жас баласымен балық аулауға шығып хабарсыз кеткен ер адам табылды.