Мадина ісі: медициналық сараптама қорытындысы неге жарияланбайды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Мадина ісі: медициналық сараптама қорытындысы / фото: threads

Жамбыл облысында 19 жастағы Мадина Рашидқызының қазасы қоғамда резонанс тудырды. Қазiр облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

Бұл жағдай тамыздан бері ел аузында талқыланып, желі қолданушылары марқұм Мадинаға қатысты сот-медициналық сараптаманың қорытындысы мен тергеу нәтижелерін тезірек жариялауды талап етіп отыр.

Сараптама қорытындысы қашан жарияланады

Алайда, заң талаптарына сәйкес, кез келген қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу деректерін ашық айтуға шектеу қойылады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтері жарияланбайды.

Сот-медициналық, психологиялық-психиатриялық және сот-гистологиялық сияқты кешенді сараптамалар ұзақ уақытты (бірнеше аптадан бірнеше айға дейін) талап етеді. Мамандардың қорытындысы дайын болмайынша, ресми шешім шығару мүмкін емес.

Деректерді мерзімінен бұрын жариялау куәгерлерге қысым жасауға, дәлелдемелерді бұрмалауға немесе күдікті тараптың жауапкершіліктен қашуына жағдай жасауы мүмкін.

Адамның кінәсі сот үкімі заңды күшіне енгенше дәлелденбеген болып саналады. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе желіде расталмаған ақпаратты тарату тергеудің бейтараптылығына нұқсан келтіреді.

Осыған байланысты, құқық қорғау органдары тергеу аяқталып, іс сотқа жолданғанға дейін кейбір мәліметтерді құпия ұстауға міндетті. Тергеудің ресми қорытындысы мен сараптама нәтижелері барлық процестік әрекеттер аяқталған соң ғана көпшілікке жарияланады.

Оқи отырыңыз: «Барни үшін жанжал шығарған»: марқұм Мадина Рашидқызының күйеуі қазір қайда жүр

Сондай-ақ оқыңыз