Павлодар әкімдігі түрмені ұзақ уақыт сата алмай келеді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Павлодар әкімдігі өмір бойына сотталғандарға арналған түрме ретінде жоспарланған, бірақ аяқталмаған кешенді сата алмай келеді деп хабарлайды Kursiv.Media.

National business ақпаратына қарағанда, бастапқыда ғимарат аса қауіпті режимдегі түзету мекемесі ретінде салына бастаған.

Бұл кешен шамамен 10 жылдан бері өтпей тұр. Қазір оның бағасы төмендетіліп, саудаға шығарылған. Бірақ мұндай нысанға қызығушылар табылмай отыр.

Нысан туралы бухгалтерлік анықтамада жалпы аумағы 44,9 мың шаршы метр болатын аяқталмаған құрылыстың тоғыз позициясы сипатталған. Олардың жиынтық баланстық құны 3, 811 млрд теңге.

Ал қазір атақты «Қара бүркіт» түрмесінде өмір бойына сотталған 200-ден аса адам жазасын өтеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз