Қазақстанда мемлекеттік құнды қағаздар нарығы айтарлықтай өсті

Тамыз айында Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында белсенділік бірден екі бағытта да артты. Бастапқы нарықта жаңа бағалы қағаздарды орналастыру көлемі өссе, қайталама нарықта бұрын шығарылған облигациялармен сауда айтарлықтай күшейді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Тамызда мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру көлемі 1,8 трлн теңгеге жетті. Бұл шілдемен салыстырғанда 24,8%-ға, ал 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда 56,8%-ға жоғары.
Tengenomica дерегінше, бастапқы нарықтағы өсімнің негізгі бөлігін Ұлттық банктің ноттары құрады. Бір айда 942,1 млрд теңгеге Ұлттық банк ноттары орналастырылды. Шілдеде бұл көрсеткіш 640,5 млрд теңге болған. Осылайша, тамыздағы барлық бастапқы орналастырудың шамамен жартысы, яғни 51,3%-ы ноттарға тиесілі.
Сонымен бірге инвесторлардың қызығушылығы орта және ұзақ мерзімді мемлекеттік облигацияларға да сақталған.
Қайталама нарықта да сауда көлемі айтарлықтай өскен. Тамызда мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сауда айналымы 1,7 трлн теңгені құрап, шілдемен салыстырғанда 48,5%-ға артты. Бір жыл ішінде өсім 132%-ды құрап, нарықтағы айналым екі еседен астам көбейді.
Ал Ұлттық банк ноттарының қайталама нарықтағы айналымы 104,5 млрд теңге болды. Бұл жалпы сауда көлемінің шамамен 6%-ына тең.
Инвесторлар орта және ұзақ мерзімді мемлекеттік облигацияларға да белсенді қызығушылық танытқан.
Бұл нарық қатысушыларының қазіргі кірістілік деңгейін ұзақ мерзімге бекітуге дайын екенін көрсетеді. Егер алдағы уақытта пайыздық мөлшерлемелер төмендесе, мұндай облигациялардың нарықтық бағасы өсуі мүмкін.
Тағы да оқыңыз: Ұлттық банк БЖЗҚ үшін бір айда 721 млн доллар сатып алды