Республика күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Қазан айында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. Республика күніне орай ел азаматтары бірнеше күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады

Республика күні биыл 25 қазан, жексенбіге түседі. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасында демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 24, 25 және 26 қазан, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері қатарынан үш күн демалыс;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 24 және 25 қазан, сенбі және жексенбі күндері демалыс болады.

Жалпы қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 6 демалыс күні болады.

Айта кетейік, қыркүйекте аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар сегіз күн демалады

Сондай-ақ оқыңыз