Шайдоров Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турниріне қатысады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Figure skater Mikhail Shaidorov addresses unpaid wage claims
фото: ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Братиславада өтетін Challenger сериясындағы турнирге қатысады. Бұл туралы Kursiv. Media жазады.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы Словакияның Братислава қаласында өтетін халықаралық Nepela Memorial турнирде өнер көрсетпек. Жарыс 24-27 қыркүйек аралығында өтеді және 2026/27 маусымындағы ISU Challenger Series сериясына кіреді.

Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында бақ сынайды. Алдын ала қатысушылар тізіміне 29 спортшы енгізілген.

Братиславадағы жарыс Шайдоров үшін 2026 жылғы Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейінгі жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турнир болады. Енді ол 2030 жылғы Олимпиадаға бапкері Алексей Урмановпен бірге дайындалмақ

Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоров үздік спортшылардың қатарына енді

Сондай-ақ оқыңыз