Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды
Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды / фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын», – деді президент.

Президенттің айтуынша, Жолдауда еліміздің алдағы даму жоспары айқындалады.

Сонымен бірге Тоқаев таяуда ғана Құрылтай сайлауы өткенін еске салды.

«Құрылтайға кәсіби, іскер, жаңашыл азаматтар кірді. Олардың ішінде жастар да аз емес. Вице-Президент тағайындалды. Жаңартылған Үкімет жұмысына кірісті. Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жасақталды. Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, 23 тамызда елде Құрылтай сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы сайлаушылардың 71,17% дауысын жинап, 145 депутаттық мандаттың 110-ын иеленді.

Қазақстан Республикасының вице-президенті кандидатына Ерлан Карин тағайындалып, Құрылтай спикері болып Айбек Дәдебай сайланды.

Сондай-ақ оқыңыз