Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды / Фото: shutterstock

«Казгидромет» мәліметінше, 12 қыркүйекте Алматыда және Қазақстанның тағы екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Синоптиктердің хабарлауынша, ҚМЖ Алматыда, ал түнде Ақтөбе мен Атырау қалаларында болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар желдің болмауы немесе әлсіз болуынан пайда болады. Нәтижесінде ластаушы заттар атмосфераның беткі қабатында жиналып, ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Мұндай кезеңдерде денсаулыққа тиетін кері әсердің, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар үшін қаупі артады. Сондай-ақ ауаның ластану деңгейіне желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық пен температура әсер етеді.

Тұрғындарға кеңес

Тұрғындарға көшеде, әсіресе автомобиль жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартуға кеңес беріледі.

Тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары бар адамдарға, сондай-ақ аллергиктерге қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады. Ашық ауадағы дене белсенділігін шектеген дұрыс, ал жаттығуларды мүмкіндігінше жабық ғимаратқа ауыстырған жөн.

Оқи отырыңыз: Демалыс күндері ауа райы салқындайды

Сондай-ақ оқыңыз