Тоқаев БРИКС саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президентін Үндістан Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Сонымен бірге Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.
Ал 14-16 қыркүйекте Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.