Алматы тұрғыны құрылысты кешіктірген компаниядан 10,5 млн теңге өндіріп алды

Жарияланды
Ең жоғары орташа жалақы қаржы және сақтандыру саласы қызметкерлерінде – 987 мың теңге, ал тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 979 мың теңге. / фото: KursivMedia мұрағаты
фото: KursivMedia мұрағаты

Алматы тұрғыны құрылыс компаниясынан пәтерді уақытында тапсырмағаны үшін 10,5 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Kursiv Media.

Оқиға 2021 жылы басталған. Тұрғын мен құрылыс компаниясы пәтер, коммерциялық нысан және автотұрақ сатып алу бойынша үш алдын ала келісімшарт жасасқан, тұрғын олардың ақысын толық төлеген.

Құрылыс компаниясы нысандарды аяқтап, сатып алу-сату шарттарын 2023 жылдың соңына дейін рәсімдеуге міндеттенген. Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған. Нысан тек 2024 жылы аяқталып, сатып алу-сату шарттары тек 2025 жылдың наурызында жасалған.

Осыдан кейін тұрғын сотқа жүгініп, құрылыс салушының мерзімді бұзғаны үшін келісімшартта көрсетілген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап еткен. Бірінші және апелляциялық соттар оның талабын қанағаттандырмаған. Алайда істі қараған Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот төменгі соттардың шешімімен келіспеді.

Келісімшартта мерзім бұзылған жағдайда құрылыс салушы әр кешіккен күн үшін жылжымайтын мүлік құнының 0,1%-ы мөлшерінде, бірақ жалпы сомасы 10%-дан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс екені көрсетілген.

Кассациялық сот бұл талаптың заңды екенін танып, бірінші және апелляциялық соттардың шешімдерін жойды. Нәтижесінде құрылыс салушыдан алматылық тұрғынның пайдасына 10,5 млн теңге өндірілетін болды.

Тағы да оқыңыз: Сот мұғалімнің құқығын қорғап, мектептен 2 млн теңгеге жуық өтемақы өндірді

Сондай-ақ оқыңыз