Бішкекте бұрынғы орталық мешітті бұзып, орнына жаңа ғимарат салмақ

Бішкекте Кимсанбай ажы Абдурахманов атындағы бұрынғы орталық мешіттің ғимаратын бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Kaktusmedia ақпаратына қарағанда, жұмысшылар ғимараттың негізгі бөлігін қазірдің өзінде бөлшектеп жатыр. Аумақта ауыр техника жұмыс істеп, құрылымдардың бір бөлігі бұзылған.
Мешітті толық жаңарту жоспары туралы 2026 жылдың наурыз айында белгілі болған. Мэрияның хабарлауынша, қазіргі ғимарат апатты жағдайда және оны қайта жаңғырту мүмкін емес. Сондықтан оны бұзу туралы шешім қабылданған.
Оның орнына жалпы ауданы 5 851,3 шаршы метр болатын заманауи екі қабатты ғимарат салу жоспарланып отыр.
Намаз оқитын залдың ауданы 3 506,77 шаршы метр. Жобаға сәйкес, мешітте бір мезетте 4 200 адамға дейін құлшылық етуге мүмкіндік болады.
Намаз оқитын бөлмелерден бөлек, жаңа ғимаратта жерасты автотұрағы, әкімшілік кабинеттер, дәрет алатын бөлмелер, қоймалар, кафе және бутиктер қарастырылған.
Қырғызстандағы жаңа «Бішкек-Арена» стадионының құрылысына 386 млн доллар жұмсалғаны хабарланды.