Курчатовтағы электр станциясын соңына дейін салатын кәсіпорынмен келісімшарт жасалды

Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр станциясын салу жобасы басталды. Станцияны салу бойынша «TANSU Construction» ЖШС-мен келісімшарт жасалды, деп хабарлайды Kursiv Media.
Энергетика министрлігінің сауалымызға берген жауабында 2026 жылғы 17 шілдеде компаниямен станцияны «толық бітіріп беру» қағидаты бойынша салуға EPC-келісімшарт жасалғаны айтылған. «TANSU Construction» ЖШС Қарағанды облысының Абай қаласында орналасқан. Ашық дереккөздерде оның жетекшісі ретінде Әсел Самаева көрсетілген. Ал 3 шілдеде құрылыс жұмыстарының басталуын білдіретін капсула салу рәсімі өткен.
Жоба 2026-2032 жылдары жүзеге асырылады. Станцияда әрқайсысының қуаты 350 МВт болатын екі энергия блогын салу жоспарланған. Бірінші блокты 2031 жылы, екіншісін 2032 жылы іске қосу көзделіп отыр.
Қазіргі уақытта станцияға бөлінген жер учаскесіне қатысты құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жоба бюджет қаражатын тартпай, жеке инвестициялар есебінен іске асырылады. Көмірмен жұмыс істейтін конденсациялық электр станциясының құрылысы электр қуаты нарығының қолданыстағы механизімі бойынша жұміс істейді.