Семейде әйел эскалаторға аяғын қысып алып, құтқарушылардың көмегімен шығарды (видео)
Жарияланды

Семейдегі сауда орталықтарының бірінде келуші әйелдің аяғын эскалатор қысып қалған деп хабарлайды Kursiv Media.
Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырады. Себебі әйел өз бетінше аяғын механизмнен шығара алмай қалады.
«Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен екі эскалатор арасындағы технологиялық саңылауды кеңейтіп, әйелдің аяғын босатты», – деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарылған 36 жастағы қала тұрғыны әрі қарай тексеруден өту үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Әлеуметтік желідегі пікірлерде көптеген қолданушы эскалатордан қорқатынын жазған. Кейбірі механизмге аяғы немесе киімі қысылып, жарақат алу қаупіне алаңдайтынын айтқан.
Оқи отырыңыз: Есіл өзенінде балық ауламақ болған ерлі-зайыпты қарша бораған оқтың астында қалды