Ташкентте қазақстандық әскери балуандар 12 медаль жеңіп алды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Қорғаныс министрлігі

Ташкентте Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен әскери қызметшілер арасында ұлттық күрес – құраштан тұңғыш әлем чемпионаты өтті.

Бұл туралы Kursiv.media Қорғаныс министрлігіне сүйеніп хабарлайды.

Жарысқа 15 мемлекеттің командалары қатысты. Қазақстанның құрама командасы Қарулы күштер, Мемлекеттік күзет қызметі және Ішкі істер министрлігінің спортшыларынан жасақталды.

Жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орынды Өзбекстан балуандары иеленді. Екінші орын Қазақстан құрамасына бұйырса, үшінші орын Иран спортшыларына тиесілі болды.

«Қазақстандық спортшылардың қоржынында барлығы 12 медаль бар. Әйелдер арасында +70 келі салмақта Толқын Тұрсынақынова әлем чемпионы атанды. Ерлер арасында Сұңғат Нұрланұлы (60 кг), Мәди Амангелді (81 кг), Ақылжан Тұрсынбек (100 кг) және Айдар Бескемпір (120 кг) күміс медаль иеленді. Әйелдер арасында Сағат Байғараева (57 кг) мен Бақыт Құсақбаева (63 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді», – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, ерлер арасында Ернұр Сүлеймен (66 кг), Нұрсаят Абдуқас (73 кг), Ерасыл Тұрсынбеков (90 кг) және Көркем Орымбек (70 кг) қола медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Айжан Жылқыбаева (52 кг) қола жүлдеге ие болды.

Айта кететін жайт, әскери қызметтен зейнетке шыққандарға жұмысты алдын ала іздеу жоспарланып отыр

Сондай-ақ оқыңыз