2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді

Қазақстан футболы тарихында бұрын-соңды болмаған тарихи оқиға орын алмақ. 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы үшін өтетін кездесу Астана қаласында ұйымдастырылады. Бұл туралы УЕФА Атқарушы комитетінің Грекияның Салоники қаласында өткен отырысында ресми түрде шешім қабылданды, деп жазады Kursiv.Media.
Еуропаның ең беделді клубтық турнирлерінің бірі – «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл матчта УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 2028 жылғы жеңімпаздары кездесіп, басты кубокты сарапқа салады.
Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, бұл оқиға – ел тарихындағы ең айтулы әрі ауқымды спорттық шаралардың бірі болмақ. Бұрын-соңды отандық стадиондарда Еуропаның мұндай жоғары деңгейдегі гранд клубтары арасындағы ресми кубоктық матчтар өткізілмеген еді.
Бұған дейін, Қазақстан Ұлттар лигасының матчтарында алаңға шығатын құрамды жариялаған. Ол жерде отандық футболдың жас жұлдызы Дастан Сәтбаев жоқ.