Ақбаян Мұқанғалиева емнен кейін балаларымен кездесті (видео)

Әлеуметтік желілерде Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шыққаннан кейін балаларымен кездескен сәті түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды KursivMedia.
Кадрлардан Ақбаян балаларымен бірге уақыт өткізіп отырғанын көруге болады. Бұл кездесу ол үшін ұзақ емдеу курсынан кейінгі маңызды сәт болды, ал туыстарының айтуынша, балалармен араласу оның эмоционалдық жағдайына оң әсер еткен.
Орталықтан шыққаннан кейін Ақбаян туысының үйіне орналасты. Жақындары оған қамқорлық жасап, әрі қарай сауығуына өтуіне көмектесіп жатыр. Туыстары оның денсаулығын жақсы деп бағалайды.
Туыстарының айтуынша, қазіргі уақытта Ақбаянның ең үлкен тілегі – балаларының қасында болу. Алдағы уақытта ол олармен бірге тұрып, біртіндеп дербес өмірге оралғысы келеді.
Ақбаянға ата-анасының, бауыры мен әпкесінің қайтыс болғаны әлі айтылған жоқ. Жақындары суық хабар оның психологиялық жағдайына ауыр соққы болуы мүмкін деп қауіптенеді.
Төрт адамның өлімі
Атырау облысында 2025 жылдың соңында төрт адам хабарсыз кетті. Содан кейін отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев күдікті деп танылды.
Қылмыстық іс сотта қаралып, нәтижесінде 2025 жылдың мамырында Сұлтан Сәрсемәлиевтің қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевті пышақтап өлтіргені анықталды. Сол жылдың қазанында Жангелдин ауылында тұратын бұрынғы қайын атасы мен енесін де өз үйінде пышақтаған.
Осыдан кейін бұрынғы әйелі Ақбаян мен қайын апасы Мейрамгүл Қарабалинаны ертіп Атырауға барған. Қалада қайын апасы Мейрамгүлді де пышақтап өлтіріп, мәйітін Наурыздың жанына көмген. Осы жағдайдан кейін Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді.