Елдос Сметов дзюдодан әлем чемпионатына қатыспайды

Әзербайжан астанасы Бакуде 4–11 қазан аралығында өтетін дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының алдын ала тізімі жарияланды. Отандық балуандар біріншіліктің жекелей де, аралас-командалық жарыстарында да бақ сынайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Елдос Сметов әлем чемпионатына бармайды
34 жастағы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов бұл біріншілікке қатыспайтын болды. Париж Олимпиадасының алтынымен қатар, Рионың күмісі мен Токионың қоласын еншілеген, сондай-ақ 2015 жылы әлем чемпионы атанған атақты балуанның орнына ең жеңіл салмақта (-60 кг) Бақытжан Аман мен Шерзод Давлатов ел намысын қорғайды.
Қазақстан құрамасының толық құрамы:
Ерлер (жекелей сын):
- -60 кг: Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов
- -66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов
- -73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
- -81 кг: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар
- -90 кг: Данил Крылов
Әйелдер (жекелей сын):
- -48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
- -63 кг: Эсмигүл Куюлова
- -78 кг: Аруна Жангельдина
- +78 кг: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш
Аралас-командалық жарысқа қатысатын татами шеберлері:
Аралас-командалық бәсекеде ел намысын мына спортшылар қорғайды:
Ерлер: Ерсұлтан Дүйсенхан (-73 кг), Данил Крылов (-90 кг), Ермахан Ануарбеков (-90 кг), Жантілек Нұртілепұлы (+90 кг).
Әйелдер: Дина Мұханбет (-57 кг), Дана Абдирова (-57 кг), Асхат Ажар (-70 кг), Мөлдір Нарынова (-70 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг).
Алайда Елдос Сметов 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысады. Олимпиада чемпионы дүбілрі додада Қазақстанның туын алып шығады.