Кореялық Lotte компаниясы Алатауда жаңа қонақүй салады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Tripadvisor.ru

Кореяға іс-сапармен барған Тоқаев Lotte Group компаниясының басқарма төрағасы Дон Бин Шинмен кездесті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Kursiv Media хабарлайды.

Оңтүстік Кореялық барысында қонақ үй бизнесін дамыту мәселесі талқыланды. Корея корпорациясы Алматы мен Алатау қалаларында Lotte брендімен қонақүй салатын болды. Сонымен қатар Дон Бин Шин Alatau City жобасын дамытуға, соның ішінде Iconic Complex кешенінің құрылысына қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Одан бөлек тамақ өнеркәсібі, логистика қызметі және қонақ үй бизнесі салаларына инвестиция құятынын да растады.

Өз кезегінде президент кореялық компанияның «Рахат» брендін ілгерілетуге, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы өндірістік алаңдарды жаңғыртуға қатысты табысты жобаларына назар аударды. 

Lotte Corporation – 1967 жылы Сеулде негізі қаланған және әртүрлі бағыттағы 60-тан астам компанияның басын біріктіретін ең ірі оңтүстіккореялық конгломераттардың бірі. Топтың құрамына Lotte Shopping Co (ритейл), Lotte Chemical (мұнай-химия), Lotte Real Estate (девелопмент), Lotte Ice Cream және Lotte Confectionery (тамақ өнімдерін өндіру), Lotte Hotels & Resorts (қонақүйлер желісі), Lotte Chilsung (сусындар) кіреді.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Корея Республикасына мемлекеттік сапармен жүр. Ол Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің арнайы шақыруымен барды.



Сондай-ақ оқыңыз