Қазақстан Ресей арқылы өзге елдерге 7,8 млн тонна көмір жөнелтті

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстан Ресей арқылы өтетін көмір транзитін 20%-ға арттырды
Қазақстан Ресей арқылы өтетін көмір транзитін 20%-ға арттырды / Фото: shutterstock

Қазақстан 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Ресей аумағы арқылы көмір экспортының транзитін 20%-ға ұлғайтып, 7,8 миллион тоннаға жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Argus басылымының дерегінше, қазақстандық көмір негізінен Еуропалық Одақ елдерінің нарығына жеткізіледі. Польша мен Нидерланд елдері ең ірі сатып алушылардың бірі, сондай-ақ Түркия да ірі импорттаушы болып қала береді.

«Қазақстан 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында Ресей аумағы арқылы көмір экспортының транзитін өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішімен салыстырғанда 20%-ға арттырып, 7,8 миллион тоннаға жеткізді… Бұл жылдың осы кезеңі үшін тарихи максимум», – деп хабарлады Argus басылымы.

Ресей арқылы транзиттік жеткізілімдердің ұлғаюының негізгі себебі ЕО пен Түркияның көмірге деген сұранысының артуы болып отыр.

Сондай-ақ қаңтар-шілде айларында қазақстандық көмір компаниялары Ресей арқылы Қытай, Жапония және Малайзияға да өнім жеткізген.

Өткен жылы Қазақстаннан Ресей арқылы жүзеге асатын көмір экспорты 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 27%-ға өсіп, рекорды 11,7 миллион тоннаға жеткен болатын.

Бұған дейін Kursiv.Media елде соңғы бір жылда көмір бағасы орта есеппен 8%-ға қымбаттағанын жазған еді. Ал сарапшылар қазақстандықтарға қысқы отынды ертерек сатып алуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз